|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Береговое жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Береговая общеобразовательная школа отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
17
Сәуір
2026
|
«Қостанай облысының прокуратурасы және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды күшейтуде»
Қостанай облысының прокуратурасында облыс прокуроры Марат Сексембаевтың «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының төрағасы Қанат Шарлапаевпен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында облыс прокуроры өңірде соңғы үш жылда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді.
Атап айтқанда, қабылданған шаралар нәтижесінде 15 мыңға жуық кәсіпкердің құқықтары қорғалды, 15 заңсыз шектеу шарасы жойылып, 9 заңсыз тексерудің жолы кесілді.
Кәсіпкерлік субъектілері мен инвесторлардың құқықтарын бұзғаны үшін 66 лауазымды тұлға түрлі жауапкершілік түрлеріне тартылды.
Прокуратура тарапынан жалпы сомасы 1,7 трлн теңгені құрайтын 33 инвестициялық жобаға сүйемелдеу қамтамасыз етілді. Жергілікті атқарушы органдармен, Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен және өзге де уәкілетті органдармен бірлесіп 57 проблемалық мәселе шешімін тапты.
Қазіргі уақытта жалпы сомасы 3,3 трлн теңгені құрайтын, өңірде 15 мың жұмыс орнын құруды көздейтін тағы 172 жоба сүйемелденуде. Әрбір жобаға жауапты прокурорлар бекітілген.
Марат Сексембаев инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, оның ішінде құқықтық қорғау мен қолдау, оларды іске асырудың барлық кезеңдерінде жүзеге асырылатынын атап өтті.
Өз кезегінде Қанат Шарлапаев әрбір кәсіпкер өзін заңмен қорғалғанын сезінуі маңызды екенін айтты. Сондай-ақ ол прокуратура - бизнестің өтініштеріне жедел әрекет ету және әкімшілік кедергілерді жоюда негізгі серіктес болып табылатынын атап өтті.
Қостанай облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1200884?lang=kk
|
1
Сәуір
2026
|
Қазақстанда бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау процесін оңтайландыру мақсатында маңызды өзгерістер енгізілді. Оқу-ағарту министрлігі өткен жылдардағы тәжірибені зерделей келе, қабылдау науқанының басталу мерзімін 1 сәуірден 27 мамырға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Бұл қадам 1- сыныпқа қабылдау процесін негізгі оқу кезеңінен бөлектеуге, мектеп әкімшілігіне түсетін жүктемені азайтуға және білім беру процесіне кедергі келтірмеу мақсатында жасалған.
Жаңа ережеге сәйкес, мектепалды даярлық бағдарламасын белгілі бір білім беру ұйымында меңгерген және оқуын сол мектепте жалғастыруға ниет білдірген балалар бірінші сыныпқа автоматты түрде қабылданады. Бұл жаңашылдық құжат айналымын айтарлықтай қысқартып, ата-аналар үшін рәсімдерді жеңілдетеді, сондай-ақ мектепалды даярлық пен бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықты нығайтады. Сонымен қатар, ата-аналардың баласын басқа мектепте оқытуды таңдау құқығы толық сақталып, құжаттарды жалпы тәртіппен тапсыру мүмкіндігі қарастырылған.
Цифрлық жүйелердің жұмысын тұрақтандыру мақсатында биылдан бастап өтініштерді қабылдаудың өңірлік кестесі енгізіледі. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп әзірленген бұл тәсіл ақпараттық жүйелерге түсетін техникалық салмақты теңгеруге көмектеседі. Әр өңір үшін бекітілген кезең-кезеңімен қабылдау кестесі техникалық іркілістердің алдын алып, портал жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Жалпы алғанда, ұсынылған өзгерістер қабылдау жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттырып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Бұл шаралардың білім беру ұйымдарының басқарылуын жақсартып, ата-аналар мен мектеп ұжымы арасындағы байланыстың қолайлылығын арттырады.
|
3
Наурыз
2026
|
Білім және бала құқығы: алқа отырысының негізгі қорытындылары
🏛 Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен жүзеге асып жатқан білім беру реформалары мен бала құқықтарын қорғау шаралары талқыланды.
«Қазақстан балалары» 2026–2030 жылдарға арналған бірыңғай тұжырымдамасы қауіпсіздік, инклюзивті білім және психологиялық қолдау бағыттарын біріктіріп, балалардың құқықтарын жүйелі қорғауға негіз қалайды.
|
7
Ақпан
2026
|
Қазақстанда алғаш рет 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы әзірленді – балалық шақ саласындағы мемлекеттік саясаттың бірыңғай стратегиялық құжаты
🔰 Ол 6,9 млн баланың құқықтары мен әл-ауқатын қорғауға бағытталған шараларды нақты қадамдармен, өлшенетін нәтижелермен және ведомствоаралық жауапкершілікпен біртұтас жүйеге біріктіріп, ел бойынша балалық шақты қорғаудың жаңа архитектурасын қалыптастырады.
|
27
Қаңтар
2026
|
«Заң және тәртіп» цифрлық сервисін қалай пайдалануға болады?
Құқық бұзушылық туралы енді смартфон арқылы – «Заң және тәртіп»
сервисімен тікелей хабарлауға болады. Ол сіздің күнделікті қолданатын
қолданатын қосымшалардың ішінде бар. Бірнеше секунд, және сіздің
өтінішіңіз құқық қорғау органдарына жетеді.
https://drive.google.com/file/d/1UuqtkytwGv7M6_1_nmiRXHbNOHx8xQ9L/view?usp=drive_link
https://drive.google.com/file/d/1aDxDSdR6NU7U48nW_qp56NAZUfp2oFT8/view?usp=drive_link
|
13
Қаңтар
2026
|
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мұғалімнің мәртебесі қашанда бәрінен биік. Ұлы тұлғалардың өзі ұстазының алдында шәкірт болып қала береді. Ұлттың болашағы – ұстаздың қолында. Менің мақсатым – ұстазды қоғамымыздың басты кейіпкері ретінде дәріптеу», - деп атап өтті.
«Ұстаздар туралы даналық сөздер» айдары – педагог мамандығының қоғамдағы ерекше рөлін, оның ұлы миссиясын айшықтайтын ұлы тұлғалардың ой-пікірлерін ұсынады.
#ПедагогМәртебесі
#СтатусПедагога
|
10
Желтоқсан
2025
|
Буллингті уақытында анықтап, дер кезінде әрекет ету — оның алдын алудың ең тиімді жолы
🛡️2022 жылдан бастап елімізде «буллинг» және «кибербуллинг» ұғымдары заңнамалық деңгейде бекітілді. Ал 2024 жылдан бастап бұл әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.
📩 Ағымдағы жылдың 11 айында 404 іс тіркеліп, оның ішінде 238 адам жауапкершілікке тартылды.
⤴️ Жоғарыда берілген инфографикада — әрекет ету алгоритмі, құқықтық шаралар және ата-аналарға, педагогтер мен мамандарға арналған нақты ұсынымдар ұсынылған.






