|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Береговое жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Береговая общеобразовательная школа отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
20
Маусым
2025
|
🏫 «Келешек мектептері» жобасы аясында 2025–2026 оқу жылында 200 мыңнан астам оқушы орны пайдалануға беріледі
✍️ Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында барлығы 460 мың оқушы орны ашылады.
📑 2024 жылдың қорытындысы бойынша жаңа форматтағы 105 мектеп салынды. Ал 2025 жылдың соңына дейін тағы 112 мектеп пайдалануға беріледі. Осылайша, жаңа оқу жылында қосымша 206 мың оқушы орны беріледі.
✔️ Аталған жоба аясында салынған мектептер бұрынғы типтік мектептерден едәуір ерекшеленеді. Олардың жалпы аумағы 15–20%-ға үлкен, ал техникалық жабдықталу деңгейі төрт есе жоғары. Әр мектепте робототехника кабинеттері, STEM-зертханалар, хореография залдары, коворкинг аймақтары мен төрт спорт залға дейін қарастырылған.
🔹 Ұлттық жоба аясында барлығы 460 мың оқушы орнына арналған 217 мектеп салу жоспарланған.
Балаларға төтенше жағдайда көмекке қайда жүгіну керектігін білу маңызды. Тәулік бойы жұмыс істейтін және кез келген уақытта көмекке келуге дайын жедел қызмет нөмірлерін есте сақтаңыз
https://www.instagram.com/p/DK9QSXvsOHN/?igsh=MTMyNHRjaHFwb2Z6NA==
|
16
Маусым
2025
|
🏫 «Келешек мектептері»: 800-ге жуық ауыл мұғалімі біліктілікті арттыру курсынан өтті
🔖 ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
📊 Курс LMS платформасы арқылы жүзеге асырылды. Платформада қажетті оқу ресурстары мен диагностикалық тапсырмалар қамтылған. Оқу үдерісі 11 пән бойынша ұйымдастырылып, педагогтерге өз пәні бойынша заманауи әдістер мен оқу мазмұнын тиімді меңгерді.
|
13
Маусым
2025
|
🏫 «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы №33 мектеп 1200 оқушы орнына арналған
|
12
Маусым
2025
|
🏫 «Келешек мектептері» жобасы – XXI ғасырдың талаптарына сай заманауи білім беру инфрақұрылымын құру жолындағы стратегиялық бастама. Жоба аясында елордада 2000 оқушы орнына арналған №100 мектеп салынды
|
10
Маусым
2025
|
🇰🇿 Проект «Келешек мектептері» реализуется как системное решение по обеспечению учащихся современной школьной инфраструктурой. Он включает все этапы — от проектирования до строительства и оснащения.
🏫 В 2024 году в стране было открыто 105 новых школ. В этом году планируется ввести в эксплуатацию еще 112 объектов. Это позволит создать комфортные условия обучения почти для полумиллиона школьников.
|
10
Маусым
2025
|
🇰🇿 Оқушыларды заманауи мектеп инфрақұрылымымен қамтамасыз етудің жүйелі шешімі ретінде «Келешек мектептері» жобасы жүзеге асырылуда. Ол жобалаудан бастап құрылыс және жабдықтауға дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды.
🏫 2024 жылы елімізде 105 жаңа мектеп ашылды. Биыл тағы 112 нысанды пайдалануға беру жоспарлануда. Яғни жарты миллионға жуық мектеп оқушысы үшін жайлы жағдай жасалуда.






