|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Береговое жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Береговая общеобразовательная школа отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
10
Желтоқсан
2025
|
Буллингті уақытында анықтап, дер кезінде әрекет ету — оның алдын алудың ең тиімді жолы
🛡️2022 жылдан бастап елімізде «буллинг» және «кибербуллинг» ұғымдары заңнамалық деңгейде бекітілді. Ал 2024 жылдан бастап бұл әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.
📩 Ағымдағы жылдың 11 айында 404 іс тіркеліп, оның ішінде 238 адам жауапкершілікке тартылды.
⤴️ Жоғарыда берілген инфографикада — әрекет ету алгоритмі, құқықтық шаралар және ата-аналарға, педагогтер мен мамандарға арналған нақты ұсынымдар ұсынылған.
|
2
Желтоқсан
2025
|
Қырғызстан Республикасының делегациясы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Қазақстанның тәжірибесімен танысты
♦️Қырғыз Республикасының делегациясы Қазақстанға келіп, еліміздің білім беру жүйесін дамытудағы заманауи тәсілдермен, инновациялармен және озық тәжірибемен танысты.
➡️ Толығырақ https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/1116497?lang=kk
|
26
Қараша
2025
|
💫 Қызылорда өңірінде оныншы «Келешек мектебі» ашылды – оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова өңірде жұмыс сапарымен болды
2021 жылы жаңа заң қабылданған соң инклюзивті білімді дамыту ісі қарқын алып, барлық балаға тең білім беру приоритеті қалыптасты. Бұл бағытта атқарылып жатқан шаралар өз нәтижесін беруде
|
25
Маусым
2025
|
🏫 2022 жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысы әрбір қазақстандық оқушының білім алуы мен жан-жақты дамуы үшін лайықты жағдай жасалуы керектігін атап өтті. Сол үшін «Келешек мектептері» ұлттық жобасы қолға алынды. Жоба аясында 460 мың орындық 217 мектеп салынуда
|
20
Маусым
2025
|
🏫 «Келешек мектептері» жобасы аясында 2025–2026 оқу жылында 200 мыңнан астам оқушы орны пайдалануға беріледі
✍️ Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында барлығы 460 мың оқушы орны ашылады.
📑 2024 жылдың қорытындысы бойынша жаңа форматтағы 105 мектеп салынды. Ал 2025 жылдың соңына дейін тағы 112 мектеп пайдалануға беріледі. Осылайша, жаңа оқу жылында қосымша 206 мың оқушы орны беріледі.
✔️ Аталған жоба аясында салынған мектептер бұрынғы типтік мектептерден едәуір ерекшеленеді. Олардың жалпы аумағы 15–20%-ға үлкен, ал техникалық жабдықталу деңгейі төрт есе жоғары. Әр мектепте робототехника кабинеттері, STEM-зертханалар, хореография залдары, коворкинг аймақтары мен төрт спорт залға дейін қарастырылған.
🔹 Ұлттық жоба аясында барлығы 460 мың оқушы орнына арналған 217 мектеп салу жоспарланған.
Балаларға төтенше жағдайда көмекке қайда жүгіну керектігін білу маңызды. Тәулік бойы жұмыс істейтін және кез келген уақытта көмекке келуге дайын жедел қызмет нөмірлерін есте сақтаңыз
https://www.instagram.com/p/DK9QSXvsOHN/?igsh=MTMyNHRjaHFwb2Z6NA==






